Санатәлі Төлтаев Сауд Арабиясындағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Санатали Толтаев

Санатали Толтаев. Фото: Getty Images

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Эр-Риядта өтіп жатқан WBC Гран-при турнирінде сәтті дебют жасады. Оның қарсыласы Венесуэла өкілі Герман Брокеро болды.

Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталып, жеңіс Төлтаевтың еншісіне жазылды. Осы нәтижесінің арқасында ол жарыстың келесі кезеңіне өтті және 15 мың доллар көлемінде сыйақы алды.

WBC Гран-приі плей-офф форматында ұйымдастырылып отыр. Әр кезең өткен сайын жүлде қоры да өсіп отырады. Бұл турнирге Сауд Арабиясы спорт басқармасының басшысы Түрки Әл Әш-Шейх бастамашы болған.

Айта кетейік, аталған додада тағы екі қазақстандық боксшы бақ сынады. Жолдас Жеңісов келесі кезеңге жолдама алса, Нұржан Серікбаев алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады