Бивол неге UFC-да бокстан аз төлейтінін түсіндірді

Дмитрий Бивол

Дмитрий Бивол. Фото: Getty Images

Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол UFC мен кәсіби бокс арасындағы қаржылық айырмашылық туралы өз пікірін білдірді. Forbes.ru порталына берген сұхбатында ол UFC-дің монополия болуы – ММА спортшыларының табысының төмен болуына тікелей әсер етеді деді.

«UFC – бұл салада жалғыз ықпалды ұйым. Ал бокста WBC, WBA, WBO және IBF секілді бірнеше ұйым бар, олар бір-бірімен бәсекелесіп, спортшыларға жақсы шарт ұсынуға тырысады. Егер бокста да тек бір ғана құрылым болғанда, гонорар азайып, бірақ келіссөздер мен жекпе-жек ұйымдастыру жеңілдейтін еді», – деді Бивол.

Еске салайық, 2024 жылдың қазанында Бивол Артур Бетербиевтен төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған. Алайда 2025 жылдың ақпанында есе қайтарып, абсолют чемпион атанған. Кейін бір белбеуін Давид Бенавидеске беріп қойды. Қазір Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Кездесу 2025 жылдың соңына жоспарлануы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Апр - 13:01 Бокс
Қазақстан бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңін үш жеңіспен бастады
20 Апр - 14:25 Бокс
Бокстан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
19 Апр - 22:41 Бокс
Қазақстан боксшылары Түркістандағы турнирде 25 медаль жеңіп алды
16 Апр - 16:34 Бокс
Бразилиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
16 Апр - 13:44 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен жекпе-жекке келісім берді
16 Апр - 12:27 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді
15 Апр - 08:55 Бокс
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастап, WBO титулын мойындамады
14 Апр - 13:55 Бокс
Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады
14 Апр - 09:07 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының топ-5 қатарына енді
13 Апр - 16:09 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы рингке оралу туралы мәлімдеме жасады