Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді

Виктор Темиров. Фото: BoxRec
Қазақстандық боксшы Виктор Теміров Гамбургтегі бокс кешінде венесуэлалық Джонни Санчесті мерзімінен бұрын жеңіп, кәсіпқой мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Теміровбірінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға түсірді. Екінші үш минуттықта Санчес тағы екі рет рингке құлады. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық боксшыға техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Бұл Теміров үшін 2026 жылғы үшінші жекпе-жек және қатарынан үшінші мерзімінен бұрын жеңіс болды. Ақпанда ол бұрын жеңілмеген неміс Доминик Арнольдты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған еді.
Санчеспен жекпе-жектен кейін Теміровтың кәсіпқой бокстағы рекорды – 12 жеңіс, жеңіліссіз. Ал венесуэлалық боксшы мансабындағы 15-ші жеңілісіне ұшырады. Оның жеңілістер сериясы қатарынан 12 жекпе-жекке жетті.



