Базарбайұлы Тайландта кәсіби боксқа дайындалып жатыр

Мухаммедсабыр Базарбайулы

Мухаммедсабыр Базарбайулы. Фото: muhammedsabyr002/Instagram

Қазақстан құрамасының боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қазір Тайландтағы Пхукет аралында орналасқан Tiger Muay Thai залында жаттығу өткізіп жатыр, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Ол бұл оқу-жаттығу жиынын орта салмақта WBC рейтингінде бірінші орында тұрған отандасы Мейірім Нұрсұлтановпен бірге өткізіп жүр. Екеуіне жаттықтырушы Джон Хатчинсон жетекшілік етеді.

Бапкер Instagram парақшасында олардың бірлескен жаттығу сәтінен бейнематериал да жариялады. Айта кетейік, былтырғы жылдың соңында Мұхаммедсабырдың кәсіпқой бокста дебют жасайтыны хабарланған. Алайда ақпан айына жоспарланған жекпе-жек өтпей қалды.

Биыл сәуірде Базарбайұлы Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ ол Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғап, ширек финалға дейін жеткен болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады