Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Айдос Тастаев бірінші орта салмақтағы бос тұрған UBO Continental (Asia) титулын жеңіп алды. Ол Нью-Делиде өткен бокс кешінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Тастаевтың бастапқыда Сураж Сингхпен жұдырықтасуы жоспарланған еді. Алайда жекпе-жекке аз уақыт қалғанда үндістандық боксшыны Санджай Кумар алмастырды. Кездесу нокаутпен аяқталды – Тастаев сәтті комбинация жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді.
Бұл Тастаевтың кәсіпқой мансабындағы 19-шы жекпе-жегі болды. Үндістандағы кездесуге дейін оның рекорды 10 жеңіс және сегіз жеңілістен тұрған.
Қазақстандық боксшы бұған дейін де UBO Continental (Asia) титулына таласқан. 2025 жылдың қыркүйегінде Ургенчте өткен чемпиондық жекпе-жекте ол Джитендер Тхакурдан жеңіліп қалған.



