Әлімханұлы әлемдік кеште жұдырықтасуы мүмкін

Жанибек Алимханулы

Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Канело Альварес пен Теренс Кроуфордтың қатысуымен өтетін дүбірлі бокс кешінің андеркард тізіміне енуі мүмкін, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Турнирдің көрсетілімін Netflix ұйымдастырады.

Шараның бастамашысы – аты белгілі инвестор Тұрки Әл Әш-Шейх. Ол әлеуметтік желіде бұл айқасты «бокстағы ең үлкен кездесу» деп атап, кештің бағдарламасы жасақталып жатқанын мәлімдеді. Ұйымдастырушылар рингке шығуға ниетті спортшылармен келіссөз жүргізуге дайын.

ESPN журналисі Сальвадор Родригес Жәнібек пен орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы кездесуді кеш бағдарламасына қосуды ұсынды. Оның сөзінше, жанкүйерлер «Kazakh Style» мен «Bronco» айқасын көргісі келеді.

Ал Адамес бұл ұсынысқа бейжай қарамай, әлеуметтік желідегі жазбасында «Канело мен Кроуфорд кешіндегі үздік ко-мейн ивент қандай болуы керек?» деп сұрап, өзінің де бұл шоуға қатысуға дайын екенін аңғартты. Кешті UFC басшысы Дана Уайт ұйымдастырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады