Адамес пен Нұрсұлтановтың айқасы жазда өтеді

Мейирим Нурсултанов

Мейирим Нурсултанов. Фото: Alamy Live News

Орта салмақтағы (72,6 кг дейін) WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуі тиіс, деп жазады vRINGe.com. Мұндай шешімді ұйым ақпан айында, Адамес пен британдық Хамза Шираз арасындағы тең нәтижелі кездесуден кейін қабылдаған.

Алғашында қос тарапқа келісімге келу үшін 6 мамырға дейін уақыт берілген еді, бірақ уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болмады. Соған қарамастан, кеше өтуі тиіс промоутерлік сауда өтпей қалды.

Жағдайды саралаған WBC келіссөздер мерзімін ұзартты. Қазіргі таңда келіссөздер дұрыс арнаға түсіп жатқан көрінеді. Күтіліп отырғаны — жақын күндері келісім жасалып, жекпе-жек жаздағы Premier Boxing Champions шоуларының бірінде өтеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Апр - 14:10 Бокс
Иван Дычко Дана Уайт туралы пікір білдірді
21 Апр - 13:01 Бокс
Қазақстан бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңін үш жеңіспен бастады
20 Апр - 14:25 Бокс
Бокстан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
19 Апр - 22:41 Бокс
Қазақстан боксшылары Түркістандағы турнирде 25 медаль жеңіп алды
16 Апр - 16:34 Бокс
Бразилиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
16 Апр - 13:44 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен жекпе-жекке келісім берді
16 Апр - 12:27 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді
15 Апр - 08:55 Бокс
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастап, WBO титулын мойындамады
14 Апр - 13:55 Бокс
Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады
14 Апр - 09:07 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының топ-5 қатарына енді