Пакьяо қайта оралады: 46 жастағы аңыз чемпионмен жекпе-жек өткізеді

Мэнни Пакьяо

Фото: Reuters

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо төрт жыл үзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралмақ. Ол 19 шілде күні жартылай орта салмақтағы WBC белбеуінің иесі Марио Барриоспен жұдырықтасады.

46 жастағы филиппиндік бұл шешімін жанкүйерлерге тағы бір шоу сыйлағысы келетінімен түсіндірді. Ол әлі де мықты екенін дәлелдеуге дайын екенін айтты.

«Барриос — мықты қарсылас, чемпион. Бірақ Пакмен не істей алатынын сіздер білесіздер. Біз әдемі бокс көрсетіп, көрерменді қуанта аламыз», — деді Пакьяо PBC эфирінде.

Айта кетейік, ол соңғы рет 2021 жылдың тамызында шаршы алаңға шығып, кубалық Йорденис Угасқа ұпай санымен жол берген еді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр