Бекзат Алмаханның нокауты UFC-де мамыр айының үздігі атанды

Бекзат Алмахан

Фото: MMA Junkie

Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Бекзат Алмаханның жеңісі UFC ұйымында айдың ең үздік нокауты ретінде танылды.

11 мамыр күні Монреальда өткен UFC 315 турнирінде 27 жастағы алматылық спортшы жергілікті Брэд Катонамен айқасты. Бекзат бар болғаны 64 секундта қарсыласын апперкотпен сұлатып түсіріп, кештің ашылу жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады.

«Бұл өте сәтті және әдемі орындалған соққы болды. Алмахан қарсыластың таймингін бірден сезіп, соққыларын нақты бағыттай бастады. Катона қорғанысты сәл түсірген сәтте, Бекзат оң қолымен дәл апперкот жасады», — деп жазды UFC-дің ресми сайты.

Сондай-ақ, ұйым өкілдері Бекзаттың болашағы зор екенін айтып, оны дивизиондағы жасырын фавориттердің бірі ретінде атап өтті. Алмахан UFC-дегі дебютінде Умар Нурмагомедовпен қысқа дайындықпен шыққан болатын. Сол кезде де ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, өз әлеуетін көрсеткен еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Сен - 15:05 ММА
Хесус Рамос-младший Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында пікір білдірді
08 Сен - 09:15 ММА
Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен болған бұрынғы жанжал туралы айтты
07 Сен - 08:30 ММА
Шавкат Рахмонов UFC-де жеңгісі келетін қарсыласын атады
06 Сен - 11:02 ММА
Саладин Парнасс UFC-дегі дебютінде Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді
01 Сен - 21:21 ММА
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды
31 Авг - 08:30 ММА
Медғат Жақыпбек OPEN FC лигасының уақытша чемпиондық белбеуін иеленді
29 Авг - 17:31 ММА
Сонг Ядонг Шанхайда Нурмагомедовты нокаутқа түсірді: жекпе-жек осылай аяқталды
29 Авг - 11:55 ММА
Хамитов пен Махно жекпе-жегінің бесінші әрекеті сәтті бола ма?
29 Авг - 10:01 ММА
Дана Уайт Том Аспиналлдың UFC-ден кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
21 Авг - 08:30 ММА
Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы қазақстандық файтердің жаңа жаттығу видеосын көрсетті