Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті

1772194052 1

Болгарияның София қаласында бокстан Странджа кубогы өтіп жатыр.

Әйелдер арасында өткен ширек финалдық бәсекелердің нәтижесінде алты отандасымыз турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды.

Атап айтсақ, Әнел Сақыш, Элина Базарова (54 келіге дейін), Лаура Есенкелді (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Валерия Аксенова және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец жеребенің нәтижесінде тікелей финалға өтті.

Ал Әйгерім Сәттібаева, Әнел Құдайберген (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Римма Волосенко, Виктория Графеева (60 келіге дейін), Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева (70 келіге дейін) және Мария Сидоренко (75 келіге дейін) турнирді 1/4 финалда аяқтады.

Айта кетейік, 27 ақпанда ерлер құрамасы ширек финалда сынға түседі.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады