Нұртас Әжбенов Ковалевтің қоштасу кешінде жұдырықтасады

Нуртас Ажбенов

Нуртас Ажбенов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (15-1, 5 КО) 18 сәуір күні Челябіде өтетін Сергей Ковалевтің қоштасу кешінде шаршы алаңға шығады. Ол ресейлік Вага Саруханянмен (21-4-2, 4 КО) кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Нұртас 2021 жылдан бері жеңіл салмақтағы WBC Asian Continental белбеуінің иегері. Соңғы жекпе-жегін ол биылғы наурызда өткізіп, жерлесіміз Дастан Садуұлын (12-2, 12 КО) бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңген болатын.

Ал кештің басты оқиғасы — ресейлік Сергей Ковалевтің мансабын аяқтайтын жекпе-жегі. Ол Германия туы астында өнер көрсететін қазақ текті Артур Маннмен (22-4, 13 КО) кездеседі.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар