Жәнібек Әлімханұлы WBO титулына міндетті үміткер атанды

Жанибек Алимханулы

Фото: Личный архив

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, британдық Хамза Ширазға тиесілі титулдың міндетті үміткері атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

WBO мұндай шешімді міндетті үміткер мәртебесіне таласқан даниялық боксшы Якоб Банктің командасы жолдаған өтінішті қарағаннан кейін қабылдады. 76,2 келіге дейінгі салмақта ұйым рейтингінде Жәнібек екінші орында тұр, ал Банк төртінші сатыда орналасқан. Қазақстандық боксшының пайдасына шешім қабылдауда оның чемпиондық тәжірибесі маңызды рөл атқарды. Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақта WBO белбеуін иеленіп, 2023 жылдың қазанында Винченцо Гуальтьериді мерзімінен бұрын жеңіп, WBO және IBF титулдарын біріктірген болатын.

Енді Әлімханұлы мен Шираздың командалары чемпиондық жекпе-жекті өткізу бойынша келіссөз бастауы керек. Тараптарға ортақ шешімге келу үшін 20 күн берілді. Егер осы уақыт ішінде келісім жасалмаса, WBO промоутерлік сауда ұйымдастырады. Айта кетейік, Әлімханұлы мен Шираз бұған дейін де рингте кездесуге жақын болған. 2024 жылдың қазанында британдық боксшы Жәнібекке тиесілі WBO-ның орта салмақтағы титулына міндетті үміткер болып бекітілген еді. Алайда тараптар жекпе-жек шарттарын келістіре алмады.

Қазіргі таңда Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы рекорды 17 жеңіс пен 12 нокауттан тұрады. Қазақстандық спортшы мельдонийге қатысты допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін желтоқсан айына дейін дисквалификациясын өтеп жатыр. Көктемде IBF Жәнібекті чемпиондық белбеуінен айырса, кейін WBO да оның чемпиондық мәртебесін жойды. Енді қазақстандық боксшы екінші орта салмақта WBO титулын сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
15 Авг - 16:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта әлем чемпионы болуға ниетті
15 Авг - 08:45 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы WBO титулына міндетті үміткер атанды
04 Авг - 17:55 Бокс
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды
02 Авг - 15:20 Бокс
Рэймонд Мураталья IBF чемпионы атағын сәтті қорғады
02 Авг - 11:02 Бокс
Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді
26 Июл - 00:57 Бокс
Энтони Джошуа екі нокдауннан кейін камбэк жасап, мерейтойлық жеңісіне жетті
22 Июл - 12:19 Бокс
Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
21 Июл - 17:55 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта «Канелоға» үндеу жасады
18 Июл - 09:57 Бокс
Евгений Павлов АҚШ-тағы титулдық жекпе-жек алдында көз арбасты
15 Июл - 17:55 Бокс
Кұралай Егінбайқызы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды