Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды

photo 549783

Қазақстан бокс федерациясы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын әйелдер құрамасын жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин турнирге бес боксшыны таңдады. Қазақстан намысын Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) қорғайды.

Алдағы Азия ойындарына қатысатын ерлер құрамасының тізімі әзірге жарияланған жоқ.

2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында қазақстандық боксшылар екі қола медаль жеңіп алған болатын. Жүлдегерлер қатарында Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Наталья Богданова (66 келіге дейін) болды. Ал Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай үшін бұл қатарынан екінші Азия ойындары болмақ. Алдыңғы додада әлем чемпиондары жүлдесіз қалған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Сен - 12:05 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос титулдық жекпе-жек алдында соңғы көзқарас дуэлін өткізді
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр