Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта «Канелоға» үндеу жасады

65a9458a51118

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысқаннан кейін Сауль «Канело» Альвареске үндеу жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әлімханұлы Instagram Stories парақшасында мексикалық боксшыға қазақ және испан тілдерінде қысқа жазба жариялады. «Канело», мен сенің салмағыңа ауыстым! Екеуміздің арамызда әлі шешілмеген мәселе бар», – деп жазды қазақстандық чемпион.

Бұған дейін де Әлімханұлы мен Альварес арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы айтылып келген. Енді қазақстандық боксшының жаңа салмақ дәрежесіне ауысуы бұл тақырыпты қайтадан өзекті етті. Дегенмен жақын айларда бұл кездесу өтпейді, өйткені Жәнібек желтоқсанда аяқталатын дисквалификация мерзімінен кейін ғана шаршы алаңға орала алады.

Боксшының жарыстардан шеттетілуіне 2025 жылдың соңында алынған допинг-сынамасынан мельдонийдің анықталуы себеп болды. Соған қарамастан WBO ұйымы Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырған жоқ. Дисквалификация аяқталған соң 33 жастағы қазақстандық кәсіпқой мансабын екінші орта салмақта жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның еншісінде кәсіпқой рингте 17 жекпе-жекте 17 жеңіс бар, оның 12-сі мерзімінен бұрын аяқталған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру