Юлия Путинцева Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады
Теннис
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі алғашқы кездесуінде ресейлік Людмила Самсоноваға есе жіберіп, жарысты жалғастыра алмады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Әлемдік рейтингте 81-орында тұрған Путинцева алғашқы айналымда рейтингтің 43-сатысындағы Самсоновамен кездесті. Кездесу үш сетке созылып, өте тартысты өтті. Бірінші партияда ресейлік теннисші тай-брейкте 7:6 (7:5) есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық спортшы 7:5 есебімен жеңіп, таразы басын теңестірді. Алайда шешуші партияда Самсонова тағы да 7:5 есебімен жеңіске жетті. Матч 3 сағат 13 минутқа созылды.
Кездесу барысында Путинцева үш эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және өзіне берілген алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Самсонова алты рет эйс жасап, 10 қос қателікке жол берді. Ресейлік теннисші өзіне берілген төрт брейк-пойнттың барлығын тиімді пайдаланды. Осылайша, Путинцева Цинциннатидегі жарыста алғашқы кезеңнен аса алмады.
Келесі кезеңде Самсонова америкалық Коко Гауффпен кездеседі. Ал Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің қазіргі чемпионы – польшалық Ига Швёнтек. Өткен жылғы финалда ол италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанған болатын.

