Кұралай Егінбайқызы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Кұралай Егінбайқызы Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жеребе қорытындысы бойынша бірден финалға жолдама алды. Шешуші жекпе-жекте ол Өзбекстан өкілі Рухшона Парпиевамен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта басымдық өзбекстандық боксшының жағында болды. Екінші раундтан кейін де төрешілер Парпиеваны алға шығарды. Соңғы үш минуттық кезеңде Кұралай жекпе-жектің бағытын өзгерте алмады. Нәтижесінде жеңіс өзбекстандық спортшыға бұйырып, қазақстандық боксшы жарысты күміс медальмен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасына алтын медальді Шұғыла Нәлібай сыйлаған болатын. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады