Евгений Павлов АҚШ-тағы титулдық жекпе-жек алдында көз арбасты

Евгений Павлов

Фото: Sm1.kz

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов WBC Continental Americas белбеуі үшін өтетін жекпе-жек қарсаңында дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Салтанатты шара АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Ганновер қаласында өтті. Онда Павлов колумбиялық Альбейро Паредеспен кездеседі. Қазақстандық былғары қолғап шебері сахнаға мемлекеттік Тумен шықты. Жекпе-жекте екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC Continental Americas ұйымының вакантты чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Бұл кездесу Евгений Павлов үшін биылғы алғашқы титулдық айқас болмақ. Оның соңғы жекпе-жегі 25 сәуірде Балтиморда өтіп, америкалық Антонио Дантон Эла-кішімен кездесуде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой рингтегі рекордын 11 жеңіске дейін жеткізді, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Альбейро Паредес соңғы рет 2025 жылдың қарашасында шаршы алаңға шығып, америкалық Эдвард Васкеске төрешілер шешімімен есе жіберген болатын. Енді ол Қазақстан өкіліне қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуді жеңіп алуға тырысады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады