Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалына шықты

Юлия Путинцева

Юлия Путинцева. Фото: Getty Images

Қазақстан әйелдер теннис құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды. Юрий Щукин баптайтын команда шешуші ойында Колумбия құрамасын 2:0 есебімен оңай ұтты.

Алдымен Юлия Путинцева Валентина Ариасты тас-талқан етіп, 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Одан кейін кортқа шыққан Елена Рыбакина да қарсыласы Юлиана Лизаразоны еш қиналмай 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан D тобында бірінші орын алып, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16–21 қыркүйек аралығында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Енді отандық теннисшілер басты жүлде үшін таласады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Сен - 14:38 Теннис
Елена Рыбакина US Open-да 1/8 финалға шығып, 480 мың доллар тапты
06 Сен - 11:58 Теннис
Голубев пен Недовесов US Open-2026 турнирінің жұптық кезеңінен шығып қалды
06 Сен - 09:40 Теннис
Ига Швентек екі тай-брейкте жеңіске жетіп, US Open-ның төртінші айналымына өтті
06 Сен - 08:52 Теннис
Елена Рыбакина US Open-да қатарынан екінші жыл 1/8 финалға шықты
04 Сен - 10:45 Теннис
Путинцева US Open турнирінің екінші айналымында жарыстан шығып қалды
01 Сен - 20:51 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы ең табысты теннисшілердің ондығынан көрінді
01 Сен - 17:55 Теннис
Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы қарсыласын білді
31 Авг - 13:45 Теннис
Софья Кенин Винус Уильямсты жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті
31 Авг - 10:45 Теннис
Александр Бублик US Open-2026 турнирін жеңіспен бастап, екінші айналымға өтті
26 Авг - 12:05 Теннис
Данилина мен Като Монтеррейдегі WTA-500 турнирінің ширек финалына шықты