Рыбакина Лондондағы турнирден кейін Instagram парақшасын жапты

Елена Рыбакина

Рыбакина на турнире в Дохе. Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турниріндегі өнерін аяқтағаннан кейін Instagram желісіндегі аккаунтын деактивациялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл шешім теннисші ширек финалдағы жеңілістен кейін қабылданды.

Турнирдің 1/4 финалында Рыбакина Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті. Қазіргі таңда британдық теннисші WTA рейтингінде 73-орында тұр. Үш сетке созылған матчта Бултер 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық теннисші жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Айта кетерлігі, Рыбакина ширек финал өткен күні екі матч өткізді. Бұған дейін ол турнирдің қазіргі чемпионы саналатын германиялық Татьяна Мариямен кейінге қалған кездесуді аяқтап, 6:7, 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші бірден ширек финалдық ойынға шықты.

Лондондағы турнирде Рыбакина бірінші нөмірмен тіркеліп, басты фавориттердің бірі саналған еді. Алайда ширек финалдағы жеңілістен кейін жарысты аяқтап, көп ұзамай Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасын уақытша жапты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды
08 Окт - 13:45 Теннис
Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады
08 Окт - 09:45 Теннис
Sports Illustrated Елена Рыбакинаның жағдайына қатысты сұрақ көтерді
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты
06 Окт - 12:05 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады
06 Окт - 11:20 Теннис
Мирра Андреева Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
05 Окт - 15:46 Теннис
Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турниріндегі жолын аяқтады
05 Окт - 13:27 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің іріктеу финалына шықты