Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды

Елена Рыбакина

Фото: КТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA ұйымының жаңартылған рейтингінде екінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің көшбасшылары қатарында қалып отыр.

Рыбакинаның еншісінде 8143 ұпай бар. Одан жоғары тек Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан. Оның қоржынында 9090 ұпай бар. Үздік үштікті 6733 ұпаймен польшалық Ига Швентек түйіндейді.

Елена соңғы турнирлердегі сәтсіз нәтижелеріне қарамастан өз орнын сақтап қалды. Өткен аптада ол Берлинде өткен WTA 500 турнирінде алғашқы айналымнан аса алмай, филиппиндік Александра Эалаға жол берді. Бұған дейін Лондонда өткен WTA 500 турнирінде де жартылай финалға шыға алмай, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерден жеңілген болатын.

Қазақстандық басқа теннисшілер арасында Юлия Путинцева 85-орында тұр. Жібек Құламбаева 29 сатыға көтеріліп, 450-орынға жайғасты. Аружан Сағандықова 668-орында болса, Соня Жиенбаева сегіз орынға жоғарылап, 751-сатыға көтерілді. Ал Асылжан Арыстанбекова екі орынға төмендеп, 925-орында орналасқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды
08 Окт - 13:45 Теннис
Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады
08 Окт - 09:45 Теннис
Sports Illustrated Елена Рыбакинаның жағдайына қатысты сұрақ көтерді
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты