Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды

14 scaled

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

US Open турнирінің финалдық кездесуінде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Кездесу Рыбакинаның жеңісімен аяқталды — 6:4, 5:7, 6:2. 

Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 12 эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанды.

Нью-Йорктегі бұл титул Елена үшін жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақ болды. Қазақстандық теннисші осы санаттағы алғашқы жүлдесін 2022 жылы Уимблдонда жеңіп алды. 2026 жылдың басында Рыбакина Australian Open чемпионы атанса, енді өз жүлделер топтамасын АҚШ ашық чемпионатының титулымен толықтырды.

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады.

«Бұл — Еленаның орасан зор жеңісі әрі Қазақстан теннисі үшін тарихи күн. Еленаға тағы да бар күш-жігерін салып, әлемдегі ең ірі теннис ареналарының бірінде ең жоғары деңгейдегі ойын көрсеткені үшін алғыс айтамын.

Елена еліміздегі теннистің табысты дамуын жарқын түрде көрсетіп келеді. Оның әлемдік теннистің ең биік шыңына көтерілуі қазақстандық жас теннисшілер үшін үлкен шабыт көзі болатыны сөзсіз. Біз өз тарапымыздан оларды алдағы уақытта да жан-жақты қолдауды жалғастырамыз», — деді Болат Өтемұратов.

US Open турниріндегі жеңіс Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы тағы бір тарихи жетістігі болды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастайды

Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды