Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: пресс-служба ФТК

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына келіп, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді.

Оның Қазақстанға сапары АҚШ ашық чемпионатындағы тарихи жеңісі мен WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілуінен кейін жүзеге аспақ.

Бір апталық сапары аясында Рыбакина балаларға шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесімен бөліседі және жанкүйерлерімен кездеседі. Сонымен қатар, спортшы Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты медициналық тексеруден өтеді. Дәл осы жарақаттың салдарынан Елена аталған турнирдің ширек финалдық кездесуіне қатысудан бас тартуға мәжбүр болған еді. Аяғындағы жарақат US Open-2026 турнирі кезінде де қазақстандық теннисшіні мазалауын жалғастырды. Алайда Елена жарақатына қарамастан, турнирдің шешуші матчтарын ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен өткізіп, чемпиондық титулды жеңіп алды.

Бұған дейін Рыбакина Wimbledon-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінің чемпионы титулдарын жеңіп алған. АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісі арқылы ол Қазақстан қоржынына жекелей сында үшінші «Үлкен дулыға» жүлдесін әкеліп, еліміздің атын әлемдік теннис тарихына жазды.

Жаттықтырушылар штабының мәліметінше, Рыбакинаның емделуі мен толық қалпына келуіне кемінде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмайды. Алдағы уақытта Еленаның басты мақсаты – денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды жаттығу процесіне оралу.

Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды