Санатәлі Төлтаев Сауд Арабиясындағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Санатали Толтаев

Санатали Толтаев. Фото: Getty Images

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Эр-Риядта өтіп жатқан WBC Гран-при турнирінде сәтті дебют жасады. Оның қарсыласы Венесуэла өкілі Герман Брокеро болды.

Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталып, жеңіс Төлтаевтың еншісіне жазылды. Осы нәтижесінің арқасында ол жарыстың келесі кезеңіне өтті және 15 мың доллар көлемінде сыйақы алды.

WBC Гран-приі плей-офф форматында ұйымдастырылып отыр. Әр кезең өткен сайын жүлде қоры да өсіп отырады. Бұл турнирге Сауд Арабиясы спорт басқармасының басшысы Түрки Әл Әш-Шейх бастамашы болған.

Айта кетейік, аталған додада тағы екі қазақстандық боксшы бақ сынады. Жолдас Жеңісов келесі кезеңге жолдама алса, Нұржан Серікбаев алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Дек - 18:35 Бокс
«Қазақ Титаны» қайта жарылды: Бангкокте алғашқы раундта нокаут
05 Дек - 19:39 Бокс
Қазақстан кәсіби бокс федерациясы VADA-дан Жәнібек Әлімханұлына қатысты толық құжаттарды талап етті
05 Дек - 17:24 Бокс
2023 жылғы әлем чемпионатының финалисі Дулат Бекбауов екі жылға жарыстардан шеттетілді
05 Дек - 15:37 Бокс
Кроуфорд Канеломен реваншқа шығудың өз шарттарын атады
05 Дек - 12:30 Бокс
Тарихта қалды: Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
05 Дек - 10:06 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен мельдоний анықталғаннан кейін «B» үлгісін ашуды талап етті
04 Дек - 17:34 Бокс
Ангелина Лукас Дубайда өткен жекпе-жекте WBF чемпионы атанды
04 Дек - 13:43 Бокс
WBC Карлос Адаместің Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы титулды қорғауын міндеттеді
04 Дек - 10:02 Бокс
Лара Әлімханұлының допинг дауына алғаш рет қатаң пікір білдірді
03 Дек - 17:20 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының командасы Ларамен жекпе-жектің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді