Қазақстанның ең сұлу боксшысы Балауса Муздиман келесі қарсыласын білді

Балауса Муздиман

Балауса Муздиман. Фото: sportburo.kz

Қазақстанның ең сұлу боксшысы атанып жүрген Балауса Муздиман келесі қарсыласының есімін білді. Ол 6 маусым күні «Алматы Аренада» өтетін All Stars Boxing турнирінде жекпе-жек өткізеді.

Бұл жолы Балаусаның қарсыласы – Мысыр елінің өкілі Айя Рамадан болмақ. Айя кәсіби рингте төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Балауса Муздиман филиппиндік Мария Тереза Пинилиді жеңіп, кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізген еді. Бұл нәтижесінің арқасында ол Boxrec.com рейтингісінде жеңіл салмақта үздік ондыққа енді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру