Жоржиньо Премьер-лиганың ең нәтижелі ойыншысы атанды

Жоржиньо

Жоржиньо. Фото: ФК Кайрат

Алматылық «Қайраттың» португалиялық шабуылшысы Жоржиньо Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымындағы «гол+пас» көрсеткіші бойынша көш бастады. Ол осы уақытқа дейін төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Соның үшеуін жуырда ғана «Ұлытауға» қарсы ойында жасап шықты.

Жоржиньо биыл 563 минут алаңда өнер көрсетті. Орта есеппен әр 57 минут сайын бір нәтижелі әрекет жасап отыр. Оның ізін «Астананың» хорват ойыншысы Марин Томасов (6 гол, 3 пас) және «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сатпаев (6 гол, 2 пас) қуып келеді.

Үздік бестікке сондай-ақ Усман Камара (2 гол, 3 пас) мен Гиорги Зария (4 гол, 1 пас) енді – екеуі де «Қайраттың» намысын қорғайды. Қазіргі таңда «Қайрат» 20 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Бірақ бүгін «Астана» «Қайсарға» қарсы ойында жеңіске жетсе, ұпай санын теңестіріп алуға мүмкіндігі бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді