«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

«Кайрат»

«Кайрат». Фото: UEFA

Алматылық «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасында тарихи рекорд жасады. УЕФА дерегіне сүйенсек, қазақстандық клуб турнирде 21-рет қатысып, жалпы 111 ойын өткізген. Осы көрсеткіш бойынша «Қайрат» көш бастап тұр. Бұған дейін 100-ден аса матч өткізген жалғыз команда — португалиялық «Спортинг» еді.

Кеше «Қайрат» финалда испаниялық «Пальмамен» кездесіп, 4:9 есебімен жеңіліп қалды. Алматылықтардың голдарын Кайо Руис (9-минут), Дәурен Тұрсағұлов (33-минут), Жахангир Рашит (36-минут) пен Кевин Аррьета (40-минут) соқты.

Жеңіліске қарамастан, «Қайрат» Еуропа футзалының тарихында өз орнын тағы бір мәрте айқындап, үлкен жетістікке жетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру