Балауса Муздиман Алматыда шаршы алаңға шығады

Балауса Муздиман

Балауса Муздиман. Фото: muzdi___/Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Муздиман (7-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 6 маусым күні Алматыда өткізеді. Бокс кеші All Stars Boxing 4 турнирі аясында «Алматы Аренада» өтеді, деп хабарлайды All Stars Boxing компаниясы.

Әзірге Балаусаның қарсыласы кім болатыны белгісіз. Еске салайық, ол соңғы рет 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 КО) төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Қазіргі таңда Балауса BoxRec рейтингінде жеңіл салмақ дәрежесінде тоғызыншы орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру