Бекзат Алмахан UFC ростерінен шығарылды

Бекзат Алмахан. Фото: bekzatalmahan/Instagram
Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмахан UFC ұйымының ростерінен шығарылды. Ол әлемдегі ең ірі ММА промоушенінде төрт жекпе-жек өткізді.
Алмахан UFC-дегі дебютін 2024 жылдың наурызында Умар Нурмагомедовке қарсы өткізді. Қазақстандық спортшы бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.
Бекзат UFC-дегі жалғыз жеңісіне 2025 жылдың мамырында қол жеткізді. Сол кездесуде ол Брэд Катонаны бірінші раундтың 64-секундында нокаутқа түсірді. Одан кейін қазақстандық спортшы Александр Топурия мен Жан Мацумотодан қатарынан екі жеңіліс тапты.
Осылайша, Алмаханның UFC-дегі көрсеткіші бір жеңіс және үш жеңіліспен аяқталды. Ал кәсіби ММА-дегі жалпы рекорды – 12 жеңіс және төрт жеңіліс.


