Арман Царукян ММА тарихындағы ең үздік бес файтерді атады

Арман Царукян

UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Арман Царукян аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік бес файтерді атады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

DAZN-ге берген сұхбатында Армения мен Ресей атынан өнер көрсететін спортшы бірінші орынға UFC-дің бұрынғы чемпионы Джон Джонсты қойды. Екінші орынға Жорж Сен-Пьерді, үшінші орынға Деметриус Джонсонды орналастырды. Сондай-ақ тізімге Андерсон Силва мен Хабиб Нұрмағомедов енді.

Арман Царукянның нұсқасы бойынша ММА тарихындағы үздік бестік:

  • Джон Джонс
  • Жорж Сен-Пьер
  • Деметриус Джонсон
  • Андерсон Силва
  • Хабиб Нурмагомедов

29 жастағы Арман Царукян UFC ұйымында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек бар: 23 жеңіс, оның 15-і мерзімінен бұрын, және үш жеңіліс.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
08 Сен - 15:05 ММА
Хесус Рамос-младший Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында пікір білдірді
08 Сен - 09:15 ММА
Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен болған бұрынғы жанжал туралы айтты
07 Сен - 08:30 ММА
Шавкат Рахмонов UFC-де жеңгісі келетін қарсыласын атады
06 Сен - 11:02 ММА
Саладин Парнасс UFC-дегі дебютінде Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді
01 Сен - 21:21 ММА
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды
31 Авг - 08:30 ММА
Медғат Жақыпбек OPEN FC лигасының уақытша чемпиондық белбеуін иеленді
29 Авг - 17:31 ММА
Сонг Ядонг Шанхайда Нурмагомедовты нокаутқа түсірді: жекпе-жек осылай аяқталды
29 Авг - 11:55 ММА
Хамитов пен Махно жекпе-жегінің бесінші әрекеті сәтті бола ма?
29 Авг - 10:01 ММА
Дана Уайт Том Аспиналлдың UFC-ден кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды