Дияр Нұрғожай UFC-де мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Фото: Zuffa LC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 284 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бразилиялық Лопеске қарсы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, толық аяқталған жоқ. Бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда Нұрғожай қарсыласын нокдаунға түсірді, алайда ол айқасты жалғастыра алды.
Жекпе-жектің шешуші сәті сиренаға алты секунд қалғанда болды – Дияр әдемі бэкфист жасап, қарсыласын бірнеше соққымен аяқтады. Төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Нұрғожай UFC-дегі көрсеткішін 2:2-ге жеткізді. Ал Лопес қатарынан үшінші рет жеңіліп, рекорды 1:3 болды. Айта кетейік, бұл кездесу екі спортшы үшін де қазіргі келісімшарттағы соңғы жекпе-жек болды.



