Қазақстандық төрешілер «Шкендия» – «Хиберниан» матчын басқарады

6a7d6df178d5f 1 1

Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Шкендия» мен «Хиберниан» арасындағы жауапты матчқа тағайындалды.

Кездесу 13 тамызда Солтүстік Македонияның Скопье қаласындағы «Тоше Проески» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Матчтың бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмекші болады. Қосалқы төреші міндетін Данил Горда атқарады. VAR төрешісі – Айдын Тасыбаев, ал VAR ассистенті – венгриялық төреші Тамаш Богнар.

Командалар арасындағы алғашқы матч Шотландияда өтіп, «Хиберниан» 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша, жауапты ойын алдында шотландиялық клубтың бір доп басымдығы бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру