Салкиллд Гамротты жеңіп, басты жекпе-жекте жеңіске жетті
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 284 турнирінің басты жекпе-жегінде австралиялық Куиллан Салкиллд польшалық Матеуш Гамротты мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды. Салкиллд тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.
Бұл жеңіс австралиялық файтер үшін кәсіби мансабындағы 13-ші жеңіс болды. Ал Гамрот ММА-дегі бесінші жеңілісіне ұшырады.
Осы турнир аясында қазақстандық Дияр Нұрғожай да сәтті өнер көрсетті – ол бірінші раундта бразилиялық Бруно Лопесті нокаутпен жеңді. Бұл Нұрғожай үшін UFC-дегі екінші жеңіс болды және оның көрсеткіші 2:2-ге жетті. Екі жеңілістен кейін ол қатарынан екі жеңіске қол жеткізді.



