Геннадий Головкин Мысырдағы бокс кешінде Канеломен кездесті

Геннадий Головкин

Фото: НОК РК

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Мысырдың Гиза қаласында өткен бокс кешіне қатысты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувенге қарсы шықты.

Турнир барысында Головкин өзінің бұрынғы қарсыласы — мексикалық Сауль Канело Альвареспен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жектерді Канело және британдық суперауыр салмақтағы боксшы Энтони Джошуамен бірге тамашалады.

Еске салсақ, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 2017, 2018 және 2022 жылдары Лас-Вегаста үш рет жұдырықтасқан болатын. Алғашқы кездесу тең нәтижемен аяқталса, кейінгі екі жекпе-жекте төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Үшінші кездесуден кейін Головкин рингке қайта шыққан жоқ, алайда мансабын аяқтағанын ресми түрде жарияламады. Ал Канело келесі жекпе-жегін 12 қыркүйекте Эр-Риядта жеңіліп көрмеген француз-камерундық боксшы Кристиан Мбиллиге қарсы өткізеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады
30 Сен - 12:05 Бокс
Торехан Сабырхан Азия ойындарының финалына жолдама алды
28 Сен - 18:30 Бокс
Нұрбек Оралбай Азия ойындарындағы жарысын ширек финалда аяқтады
28 Сен - 13:45 Жекпе-жек Бокс
Торехан Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды
28 Сен - 10:45 Бокс
Алуа Балкибекова Азия ойындарының жартылай финалына шығып, медальға кепілдік берді
26 Сен - 10:45 Бокс
Нұрбек Оралбай Азия ойындарын жеңіспен бастады
26 Сен - 09:15 Бокс
Махмуд Сабырхан Азия ойындарында сенімді жеңіске жетті