Геннадий Головкин әлемдегі ең танымал боксшылардың үздік ондығында қалды

Фото: Sports Illustrated
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин BoxRec сайтындағы ең танымал боксшылардың қатарында қалып отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
GGG соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізгеніне қарамастан, BoxRec порталындағы жазылушылар саны бойынша оныншы орында тұр. Қазіргі таңда қазақстандық боксшының парақшасына 4157 адам жазылған.
Рейтинг көшін украиналық чемпион Александр Усик бастап тұр. Оған 12 674 қолданушы жазылған. Үздік үштікке сондай-ақ мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол енді. Альварестің 7164, ал Биволдың 6376 жазылушысы бар.
Еске салсақ, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін Сауль Альвареске қарсы өткізген. Бұл олардың әйгілі трилогиясындағы үшінші кездесу болды. Сол айқаста қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңілген еді. Осыдан кейін GGG рингке шыққан жоқ, бірақ кәсіби мансабын аяқтағанын ресми түрде жарияламады.
Абат Айымбетов румыниялық «Петролулдан» кетуі мүмкін
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысады
