«Қайрат» пен «Ордабасы» матчы аншлагпен өтеді

Ордабасы, Кайрат, Футбол

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясындағы «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы орталық матч аншлагпен өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алматылық клуб алдағы кездесуге барлық билеттің сатылып кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Алматыдағы Орталық стадионда 22 800 жанкүйер жиналады деп күтілуде. Осылайша маусымдағы ең маңызды кездесулердің бірі лық толған трибуналар алдында өтеді.

Матч 26 шілде күні Алматыда ұйымдастырылады. Ойын алдында «Ордабасы» 43 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр және қорында бір ойыны бар. Ал 42 ұпай жинаған «Қайрат» екінші орында келеді. Жеңіске жеткен жағдайда алматылық клуб чемпионат көшбасшысы атанады.

Осы маусымдағы бірінші айналымда «Ордабасы» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңген болатын. Алдағы кездесу Қазақстан Премьер-лигасындағы көшбасшылық үшін маңызды ойындардың бірі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар