«Астана» велокомандасының шабандозы Италиядағы кезеңде жүлдегер атанды

Диего Улисси

Қазақстандық «Астана» командасы Италияда өтіп жатқан «Коппи — Бартали» велокөпкүндігінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. «XDS Astana Team» шабандозы Диего Улисси үшінші кезеңде жүлдегерлер қатарына енді.

Кезең Эрбуско — Изео бағыты бойынша өтіп, жалпы ұзындығы 175,5 шақырымды құрады. Жеңісті «Team UKYO» сапындағы италиялық Томмазо Дати иеленді, ол қашықтықты 3 сағат 54 минут 14 секундта бағындырды. Екінші орынды дәл осы уақытпен «Team Jayco-AlUla» командасының өкілі Мауро Шмид алды. Диего Улисси де көшбасшылармен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынға ие болды.

Команданың басқа мүшелері де жарысты аяқтады. Маттео Скалько 24-орын алып, жеңімпазбен бірдей уақыт көрсетті. Австриялық Марко Шреттль 57-орынға тұрақтап, 3 минут 53 секундқа қалып қойды. Франциялық Пьер-Анри Бассет пен италиялық Маттиа Негренте тиісінше 78 және 79-орындарды иеленді. Қазақстандық Артем Фофонов кезеңді 110-орында аяқтады.

Үш кезең қорытындысы бойынша жалпы есепте «XDS Astana Team» сапындағы ең үздік нәтиже Диего Улиссиге тиесілі. Ол көшбасшыдан төрт секундқа ғана қалып, төртінші орында тұр. Жалпы есепте бірінші орында Мауро Шмид, екінші орында Томмазо Дати, үшінші орында «INEOS Grenadiers» командасының өкілі Аксель Лоранс орналасқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Сен - 15:05 Велосипед
Қазақстандық велошабандоздар Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
22 Сен - 15:05 Велосипед
Рината Сұлтанова Азия ойындарындағы топтық жарыста сегізінші орын алды
20 Сен - 12:50 Велосипед
Алексей Луценко Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанды
20 Сен - 09:37 Велосипед
Тасжолдағы велоспорт: Рината Сұлтанова Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
10 Сен - 16:30 Велосипед
XDS Astana Team Канадада қатарынан екі ірі жарыста бақ сынайды
01 Сен - 13:45 Велосипед
Қазақстандық велошабандоздар Бангкокте өткен Азия кубогінде 11 медаль жеңіп алды
04 Май - 14:45 Велосипед
Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді
02 Май - 14:56 Велосипед
Баллерини «Президенттік Түркия турының» кезеңінде жеңіске жетті
21 Апр - 14:42 Велосипед
Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
20 Апр - 13:01 Велосипед
Николя Винокуров «Хайнань турында» үздік азиялық велошабандоз атанды