Жоау Феликс Роналдудан озып, Сауд Арабиясындағы маусымның үздік ойыншысы атанды

Жоау Феликс, Криштиану Роналду

«Әл-Наср» клубының португалиялық футболшысы Жоау Феликс Сауд Арабиясы Про-лигасының маусымдағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның командаласы Криштиану Роналду бұл марапатқа ие болмады.

Сауд Арабиясы чемпионатындағы алғашқы маусымында бұрынғы «Челси» және мадридтік «Атлетико» ойыншысы 33 матч өткізіп, 20 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Ал Криштиану Роналду да нәтижелі маусым өткізді. Португалиялық шабуылшы чемпионаттағы 30 кездесуде 28 гол соғып, үш ассист жасады. Үздік бомбардирлер тізімінде ол үшінші орын алды. Ал маусымның үздік сұрмергені атанған Хулиан Киньонес 33 гол соқты.

Маусымның үздік ойыншысынан бөлек, чемпионаттың басқа да лауреаттары белгілі болды. Үздік бапкер атағы Жорже Жезушке бұйырса, үздік қақпашы болып Эдуар Менди танылды.

«Әл-Наср» маусымды турнирлік кестенің бірінші орнында аяқтап, Сауд Арабиясы чемпионатының жеңімпазы атанды. Команда «Әл-Хиляльден» екі ұпайға озып кетті. Криштиану Роналду үшін бұл 2023 жылы клубқа ауысқалы бергі алғашқы чемпиондық болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр
13 Окт - 12:05 Футбол
«Ливерпуль» 47 миллион еуроға Алиссонға ықтимал ізбасар тапты
13 Окт - 10:45 Футбол
ҚФФ өкілдері УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчына тағайындалды
13 Окт - 10:00 Футбол
Қазақстанның U-17 әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші рет жеңілді