Forbes әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылар рейтингін жариялады

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду. Фото: Getty Images

Forbes журналы әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылардың жыл сайынғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда әлемдегі ең табысты 50 спортшының жалпы кірісі салықтар мен агенттік төлемдерді есептемегенде 4,1 миллиард долларды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш үш пайызға төмендегенімен, бұл Forbes тарихындағы екінші ең жоғары нәтиже болып отыр.

Төртінші жыл қатарынан рейтингтің көшін «Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастады. Португалиялық футболшының бір жылдағы табысы рекордтық 300 миллион доллар болды. Бұл — Forbes тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар рейтингке ену үшін қажетті ең төменгі табыс көлемі де жаңа рекорд орнатты. Тізімнің соңында тұрған әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер 54,6 миллион доллар тапқан.

Рейтингке сегіз спорт түрінен 18 елдің өкілдері енді. Ең көп спортшы Ұлттық баскетбол қауымдастығынан тіркелді.

Forbes рейтингті жасау кезінде 2025 жылдың 1 мамыры мен 2026 жылдың 1 мамыры аралығындағы табыстарды есепке алғанын мәлімдеді. Оған жалақы, сыйақы, жүлде қоры, жарнамалық келісімдер, бизнес пен басқа да коммерциялық табыстар енгізілген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 18:28 Футбол
Қазақстан мен Фарер аралдары матчқа негізгі құрамдарын жариялады
06 Окт - 17:26 Футбол
Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады
06 Окт - 17:00 Футбол
Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы Еуро U-19 іріктеу матчтарына тағайындалды
06 Окт - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду Жорже Жезуш Португалия құрамасының бас бапкері болған кезде ұлттық құрамаға оралмайды
06 Окт - 15:06 Футбол
Этан Мбаппе «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
06 Окт - 10:45 Футбол
Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасына жеңіс әкелді
06 Окт - 09:15 Футбол
Венгрия Украина құрамасын жеңіп, Ұлттар лигасындағы топта екінші орынға көтерілді
06 Окт - 08:30 Футбол
Италия Түркияны жеңіп, Ұлттар лигасында екінші орынға көтерілді
05 Окт - 18:02 Футбол
Наурызбек Жагоров: «Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайынбыз»
05 Окт - 17:25 Футбол
Джон ван ’т Схип: «Бізге жеңіс керек, сондықтан шабуылда мүмкіндік іздеуіміз қажет»