Сауд Арабиясына Роналдудың артынан Месси келуі мүмкін

Лионель Месси

Фото: Maiami

Сауд Арабиясының Қоғамдық инвестициялық қоры Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Мессимен алғашқы келіссөздерді бастап кетті. Бұл туралы TEAMtalk басылымы жазды.

Қазір елдегі үздік төрт клуб – «Аль-Ахли», «Аль-Хиляль», «Аль-Иттихад» пен «Аль-Наср» футболшыны өз сапына қосуды қарастырып жатыр. Жоба мақсаты – Мессиді Криштиану Роналдудан кейін жергілікті чемпионаттың екінші әлемдік брендіне айналдыру.

Қос тараптың диалогы әзірге бастама кезеңінде. Егер Лионель Азияға көшуге ниет білдірсе, келісімнің нақты шарттарын талқылау басталады.

Айта кетейік, Месси 2021 жылға дейін «Барселонада» ойнады, кейін екі маусым бойы ПСЖ сапында өнер көрсетті. 2023 жылдан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында доп теуіп жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды