Лионель Мессидің байлығы бір миллиард доллардан асты

Лионель Месси

Лионель Месси.

«Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің жалпы капиталы бір миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, аргентиналық футболшы 2007 жылдан бері жалақы мен бонустар арқылы 700 миллион доллардан астам табыс тапқан. Инвестициялар, демеушілік келісімдер және басқа да активтерді есептегенде Мессидің жалпы байлығы бір миллиард доллардан асқан.

Осылайша Лионель Месси әлемдегі ең бай спортшылардың қатарына қосылды. Бұған дейін футболдағы алғашқы миллиардер ретінде 2023 жылы «Әл-Насрға» ауысқан Криштиану Роналду аталған болатын.

Сарапшылардың пікірінше, Мессидің АҚШ-қа ауысуы оның табысының айтарлықтай өсуіне әсер етті. Бұған «Интер Майамиден» алатын төлемдер, телехабарлардан түсетін үлес, жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар және Аргентинадағы мейрамханалар желісіндегі үлесі ықпал еткен.

Сонымен қатар «Интер Майамидің» қаржылық көрсеткіштері де жақсарып келеді. Sportico мәліметі бойынша, клубтың құны бір жыл ішінде 20 пайыздан астам өсіп, шамамен 1,45 миллиард долларға жеткен. Қазір команда АҚШ-тағы ең қымбат футбол клубы саналады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Авг - 15:05 Футбол
ФИФА Қазақстан футбол федерациясына жас футболшыларды дамытуға 250 мың доллар грант бөлді
21 Авг - 09:15 Футбол
Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
20 Авг - 18:02 Футбол
«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді
20 Авг - 09:26 Футбол
Андрей Мартин «Ордабасының» Қазақстан кубогының финалына шығуын бағалады
20 Авг - 08:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында кездеседі
19 Авг - 16:45 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Кайратқа» айтылған сынға жауап берді
19 Авг - 09:15 Футбол
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Король кубогінің 1/8 финалына шықты
19 Авг - 08:30 Футбол
«Ахмат» Кенжебекпен бірге Ресей кубогінде алғашқы жеңісіне жетті
10 Авг - 15:32 Футбол
Левандовски «Барселона» аңыздар тізіміне енді
10 Авг - 13:54 Футбол
Санжар Сатановқа РПЛ клубы қызығушылық танытуда