Сабырхан: «Екінші раундта мұрнымнан қан кетті, бірақ қарқынды үдетіп, соңын өз пайдамa шештім»

Сабырхан

Фото: olympic

Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz тілші Уәлихан Қосанбайға сілтеме жасап.

70 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда ол алжирлік Юсеф Ислам Яишпен кездесіп, алғашқы екі раундта ұпай жағынан қалып қойғанымен, шешуші үшінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

«Қарсыласым өте тәжірибелі болды, әлем чемпионаттарының ширек финалына дейін барған. Оның қол-аяғы ұзын екенін білдік, бірақ стилін толық зерттеуге уақыт жетпеді. Рингте бапкерлерім Ілияс аға мен Қайрат ағаның кеңестері көмектесті. Екінші раундта мұрнымнан қан кетіп, төрешілердің көңілі басқаға ауғандай болды. Бірақ қарқынды үдетіп, соңын өз пайдама шештім», — деді Сабырхан.

Айта кетейік, Торехан Сабырхан — тарихта алғаш рет жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған боксшы. Ересектер сапында ол бұған дейін Софиядағы «Странджа кубогін»-2025 және Бангкоктағы Thailand Open-2025 турнирін жеңіп алған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады