Ғалымжан Кенжебек: «Қай команда болса да, жеңіске ойнаймыз»

Галымжан Кенжебек

Галымжан Кенжебек. Фото: КФФ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек алдағы 7 қыркүйекте Бельгияға қарсы өтетін әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңінің ойынына дайындығы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

– Екі күннің ішінде қалыпқа келдік. Бүгін ойын алдындағы жаттығу бар. Дайындығымызды ертең алаң көрсетеді.
– Уэльспен өткен матчтан кейін жанкүйерлер мақтап жатыр. «Ғалымжан гол соғуға лайық болды», «Аяғына дейін ойнау керек еді» деген пікірлер көп болды. Қалай қабылдайсың?
– Әрине, ондай жазбаларды өзім де көрдім. Қолдау жақсы әсер береді. Осындай мотивациямен алға жылжимын деп ойлаймын.

– Сол ойында тағы 10–15 минут берілсе, гол соғар ма едің?
– Ең алдымен Құдайға, сосын бапкеріміз Әли Ханалиеұлына рақмет. Қай уақытта ауыстыру керек екенін ол бізден жақсы біледі. Наурыздан бері прогресс бар екенін өздеріңіз де көріп жүрсіздер.

– «Қайратты жеңемін» деген сөзің бар еді. Ертеңгі матч алдында да сондай мәлімдеме айта аласың ба?
– Футболшы әр ойынға жеңіс үшін шығады. Бельгия болсын, басқа команда болсын – біз әр матчта жеңіске ұмтыламыз.

Айта кетейік, бес турдан кейін «дала қасқырларының» еншісінде үш ұпай бар. Жалғыз жеңіс Лихтенштейнге қарсы тіркелген. Ендігі қарсылас – Бельгия құрамасы. Матч 7 қыркүйекте Брюссельде өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
24 Авг - 10:45 Футбол
«Милан» А сериядағы маусымды «Ториноны» жеңумен бастады
21 Авг - 15:05 Футбол
ФИФА Қазақстан футбол федерациясына жас футболшыларды дамытуға 250 мың доллар грант бөлді
21 Авг - 09:15 Футбол
Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
20 Авг - 18:02 Футбол
«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді
20 Авг - 09:26 Футбол
Андрей Мартин «Ордабасының» Қазақстан кубогының финалына шығуын бағалады
20 Авг - 08:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында кездеседі
19 Авг - 16:45 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Кайратқа» айтылған сынға жауап берді
19 Авг - 09:15 Футбол
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Король кубогінің 1/8 финалына шықты
19 Авг - 08:30 Футбол
«Ахмат» Кенжебекпен бірге Ресей кубогінде алғашқы жеңісіне жетті
10 Авг - 15:32 Футбол
Левандовски «Барселона» аңыздар тізіміне енді