Роналду: «Әл-Насрда» қалатынын мәлімдеді

Криштиану Роналду

Фото: Sky news

Криштиану Роналду Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін басқа командаға ауысады деген әңгімені жоққа шығарды. Ол «Әл-Наср» сапында қалатынын мәлімдеді.

Осыған дейін футболшы Instagram парақшасында «тағы бір тарау аяқталды» деп жазып, жанкүйерлер арасында түрлі болжам туғызған еді.

Алайда Испанияға қарсы финалдан кейін Роналду микс-зонада:

«Ештеңе өзгермейді. Мен «Әл-Насрда» қаламын», – деп жауап берді.

Бұл сөздер клубтың X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған видеода да расталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру