Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы алтын белбеуді жеңіп алды

62514e21 4304 4604 aa7c 7b810d8f3c13 1

Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының спорт шебері турнир барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, еліміздің үздік балуандарымен тең дәрежеде белдесе алатынын дәлелдеді. Жартылай финалда ол Қостанай облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмас Жұмағалиды («Өтей») жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Финалда дебютант Жамбыл облысының өкілі, қазақ күресінің танымал балуандарының бірі Ғалымжан Қырықбаймен («Барыс») кездесті. «Қазақстан Барысы – 2023» турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі қарсыласымен өткен тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет Qazaqstan Barysy алтын белбеуінің иегері атанды. йта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы – Qazaqstan Barysy – 2026 турнирінің ең жас қатысушыларының бірі. Соған қарамастан, ол алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алып, ел балуандарының жаңа буынының әлеуетін айқын көрсетті.

Турнирдің қола жүлдесін Шымкент қаласының өкілі, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлы («Батыр») жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағалидан басым түсті.

Турнир жеңімпазы Qazaqstan Barysy алтын белбеуімен қатар 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 миллион теңге табысталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
15 Авг - 22:20 Күрес
Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы алтын белбеуді жеңіп алды
07 Авг - 17:23 Күрес
Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
20 Июл - 11:12 Күрес
Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды