Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды

1784500164 1

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Будапештте (Венгрия) өткен халықаралық рейтингтік турнирде үш медаль иеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жарыстың соңғы күні қазақстандық балуандар қоржынға бір күміс және екі қола жүлде салды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Фидахметов финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақта Исхар Курбаев қола медаль үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті жеңіп, жүлдегер атанды.

Бұған дейін 67 келіге дейінгі салмақта Дінмұхаммед Қошқар да қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы Будапешттегі рейтингтік турнирді үш медальмен аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды