Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады

12adf1c7f7dbafafbdf6623fed9b3260

Қазақстанның дзюдо құрамасы Эстонияда өткен European Open халықаралық турниріндегі жарыс жолын медальсыз аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық спортшылар арасындағы ең үздік нәтижені 100 келіден жоғары салмақта белдескен Ардақ Серіков көрсетті.

Отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуге дейін жеткенімен, украиналық Федір Ярошенкоға есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

73 келіге дейінгі салмақта Ернар Кеңесқан екі кезеңнен сәтті өтіп, үшінші айналымға шықты. Алайда бұл кезеңде ирландиялық Джошуа Гриннен жеңілді. Осы салмақта сынға түскен Мағжан Алжанов жарысты екінші айналымда аяқтады.

Даурен Сүйкенов (60 келіге дейін), Табылды Бигамбаев (66 келіге дейін), Оразгелді Уралов (81 келіге дейін) және Сымбат Тағай (48 келіге дейін) алғашқы белдесулерінде жеңіліп, жарыстан ерте шығып қалды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Эстониядағы халықаралық турнирді жүлдесіз аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды