Назым Қызайбай: Ұлттық құраманың капитаны ретінде үлкен жауапкершілік сезіндім

Назым Қызайбай

Назым Қызайбай

Сербияда өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанға оралды. Алматы халықаралық әуежайында спортшыларды жақындары мен жанкүйерлері құшақ жая қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынды.

Олимпиада-2024 қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай тарихи жеңісінен кейін әсерімен бөлісті.

«Өте қуаныштымын! Бәрі жоспарлағанымдай өтті. Бұл менің арманым еді, және мен оған жеттім. Әлем чемпионатында оңай қарсылас болмайды, бірақ менің салмағымда бәсекелестік 50 келідегі қыздарға қарағанда біршама төмендеу болды. Ұлттық құраманың капитаны ретінде үлкен жауапкершілік сезіндім, бірақ команда да өте жақсы дайындалды. Бұл жеңіс – бүкіл құраманың еңбегі», – деді Назым.

Сонымен қатар, ол Олимпиададан кейін көп демалмай, бір айдан соң қайта жаттығуға кіріскенін және үш дүркін әлем чемпионы атануды мақсат еткенін айтты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Апр - 14:10 Бокс
Иван Дычко Дана Уайт туралы пікір білдірді
21 Апр - 13:01 Бокс
Қазақстан бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңін үш жеңіспен бастады
20 Апр - 14:25 Бокс
Бокстан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
19 Апр - 22:41 Бокс
Қазақстан боксшылары Түркістандағы турнирде 25 медаль жеңіп алды
16 Апр - 16:34 Бокс
Бразилиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
16 Апр - 13:44 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен жекпе-жекке келісім берді
16 Апр - 12:27 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді
15 Апр - 08:55 Бокс
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастап, WBO титулын мойындамады
14 Апр - 13:55 Бокс
Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады
14 Апр - 09:07 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының топ-5 қатарына енді