Қазақ боксшы қыздары тарихи жетістікке жетіп, қомақты сыйақы алды

Назым Кызайбай

Назым Кызайбай

Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова және Аида Әбікеева Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салды. Осы жеңістері үшін әрбір спортшы 115 000 доллардан алады.

Биылғы әлем чемпионатында алғаш рет тек жүлдегерлер ғана емес, ширек финалға шыққан спортшылар да ақшалай сыйақы алды. Алтын медаль иегерлеріне – 100 000, күміске – 50 000, қоладан – 25 000, ал ширек финалға жеткендерге 10 000 доллардан берілді.

Сонымен қатар, Қазақстанда олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондарына қосымша сыйақы қарастырылған. Алтын алғандарға – 15 000, күміске – 7 000, ал қола жүлдегерлерге – 5 000 доллар беріледі.

Қазақстандық боксшылар үш алтыннан бөлек, екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алып, ұлттық бокс тарихындағы ең сәтті көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады