Месси Сауд Арабиясына ауыса ма?

Лионель Месси

Лионель Месси.

«Алтын доптың» сегіз мәрте иегері Лионель Мессидің мансабында үлкен өзгеріс болуы ықтимал. 2023 жылдың шілдесінде «Интер Майамиға» еркін агент ретінде қосылған аргентиналық жұлдыздың клубпен келісімі биыл 31 желтоқсанда аяқталады.

Инсайдер Халид Әл-Захранидің мәліметінше, Сауд Арабиясы тағы да жұлдызды футболшыларды шақыру бағдарламасын жандандырмақ. Криштиану Роналдудың трансферінен кейін бұл бастаманы жалғастыру жоспарланып отыр. Мессиге 2025/26 жылғы маусымнан бастап жергілікті лигада ойнау ұсынысы жасалмақ.

«Интер Майами» сапында ол 54 матчқа қатысып, 44 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген. Ал МЛС-тің қазіргі маусымында аргентиналық футболшы 15 ойында 10 гол және 3 ассист тіркеген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды