Кубалық мықты Жәнібекке қарсы шығуға дайын

Йоэнли Эрнандес

Йоэнли Эрнандес. Фото: Ring Magazine

Орта салмақта өнер көрсететін кубалық Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 KO) WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы BrunchBoxing сайты жазды.

Эрнандес 31 мамыр күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте америкалық Кайрон Дэвисті (19-4-1, 6 KO) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген соң, Алимханулыны қарсылас ретінде атады.

«Қазіргі чемпиондардың ішінде Алимханулы – мінсіз қарсылас. Ол өте мықты, әрі оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды», – деп жазды басылым.

BrunchBoxing мәліметінше, Эрнандес жай ғана кезекті қарсылас емес. Ол соққысы мығым, өзін сенімді ұстайтын, жекпе-жекке ашық жаңа буын кубалық боксшыларының өкілі. Сарапшылар оны орта салмақтағы қауіпті қарсыластардың бірі деп бағалап отыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр